Создать акаунт
ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / Методическая копилка / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар

Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар

24 ноя 2019, 19:33
СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ
4 314
0
Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар
ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі-кітапхана-демекші, оқу орнындағы оқыту, білім беру үрдісін ақпараттың орталығы – кітапханасыз елестету мүмкін емес.
Бүгінгі таңдағы қоғамдық өзгерістер, қоғамдық өркениеттік деңгейге көтерілу, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Колледж кітапханасы мәдениет, ақпарат және білім орталығы ретінде колледж өміріндегі оқиғалардан тыс қалмайды. Колледж құрылымы білім беру стандарттарына сәйкес оқу үрдісін қажетті ғылыми басылымдар, оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етіледі. Кітапхананың жалпы қоры 15 мыңға жуық оқулық, әдістемелік әдебиеттен және 10 электрондық оқулықтан құралған.
Колледж әкімшілігі тарапынан кітапхананың дамуына баса назар аударылды, мысалы, 2009 оқу жылынан бастап түрлі мамандықтарға оқу-әдістемелік құралдар алынуда. Сонымен қатар баспасөзге жазылу барысында кітапханаға жазылған мерзімді басылымдардың қолдану аясына талдау жасалып, сұранысқа ие басылымдардың 23 түрін жаздырып алып отырамыз. Кітапхананың ең басты міндеттерінің бірі – оқырман жастардың оқуға құштарлығын арттыру арқылы мемлекетімізде оқу мен білімнің беделін көтеру, жас ұрпақты оқуға тарту. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында оқулықтар мен әдістемелер, әр түрлі саладағы мерзімді баспасөз басылымдары мен әдебиеттер саны толықтырылып отырылады. 
Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. ХХІ ғасырда кітапхана саласын дамыту тек республика ішінде ғана емес, халықаралық ктіпханалармен байланыс орнату, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, кітапхана қорын насихаттау, ақпараттық ресурстарды құру мен сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді. Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бүгінгі күннің белгісі.
Библиографиялық қызмет көрсетудің өзінің қызмет аясы ретінде библиографиялық ақпарат - пайдаланушы жүйесі бар, мақсаты - библиографиялық ақпаратты оқырманға тиімді жолмен жеткізетін жағдай жасау болып табылады. Оның нәтижесі ретінде құжаттар туралы мәліметтерді тарату мақсатында жүзеге асырылған шаралар жиынтығын атауға болады: орындалған библиографиялық тізімдер саны, әдебиеттер тізімі, Мамандар күндері, ұйымдастырылған көрмелер, әдебиеттер шолуы және т.б. Аталған барлық нәтиже көз жетерлік, есепке алуға жеңіл, және оған қарап библиографиялық жұмыс ауқымы мен сапасы анықталады. Осы процестер жиынтығы – библиографиялық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кітапханалық-ақпараттық қызметтің ортақ міндеті қоғам мүшелерінің ақпараттық қажеттігін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктер ерекшелігін зерделеу кітапханалық-ақпараттық қызмет жүйесін жасаудың негізгі іспеттес. Ақпараттық қажеттіліктер туралы мәліметтер ақпарат қорын жасақтауды және сақтауды ұйымдастыруда, ақпараттық, ақпарат пайдаланушыларына кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсету процестерінде және тағы басқа ақпараттық-кітапханалық қызмет жүйесінің маңызды кезеңдерінде пайдаланылады. 
Кітапхана ісінің негізгі бағыттары:
Азаматтардың конституциялық құқы мен кітапхананы пайдалану нормаларына сәйкес ақпараттар алуына жағдай жасау;
Кітапхананың кітап қорын бүгінгі күн талабына лайық деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен толықтыру;
Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар
Файл для скачивания будет доступен после входа в аккаунт или Регистрации
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях