Создать акаунт
ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / Методическая копилка / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Старшая школа / Қысқа мерзімді сабақ жоспары Информатика 9 сынып

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Информатика 9 сынып

24 ноя 2019, 19:40
Старшая школа
12 988
0
Қысқа  мерзімді сабақ жоспары Информатика 9 сынып
Қысқа  мерзімді сабақ жоспары
Сабақ:  №1    Мектеп: 

Пәні: информатика    
Күні:        Мұғалімнің аты-жөні: 
Сынып 9    Қатысқандар саны:      Қатыспағандар саны:  
Сабақ тақырыбы:    § 1  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
 Сабақ негізделген оқу
мақсаты    Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үнемі көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс әрекет ережелері жасауға дағдыландыру.


Сабақ  мақсаттары    Барлық оқушылар:
    •     Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;
•    Көз жаттығуларын өз еркімен жасай алу;
    Оқушылардың басым бөлігі:
    •    Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете алу сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін білу.
    Кейбір оқушылар:
    •          Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;

Тілдік мақсат    Оқушылар:
Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастырады.
    Негізгі сөздер мен тіркестер:
    Информатика, компьютер, интернет.
    Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: 
Қауіпсіздік ережесі  не үшін сақталады? 
Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?
Компьютерден жағымсыз иіс шыққан жағдайда не істейсіздер?
    Талқылауға арналған тармақтар:
     Көз жаттығуларының тиімді жақтары қандай?
    Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
    Жалпы қауіпсіздік талаптар:
1.    Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, разеткаларға тиісуге тыйым салынады.
2.    Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3.    Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4.    Үстелге дербес компьютердің жанына сөмке, портфель,  артық заттар қоюға болмайды.
5.    Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жату керек.
6.    Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
7.    Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Информатика 9 сынып
Файл для скачивания будет доступен после входа в аккаунт или Регистрации
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Старшая школа

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях