Создать акаунт
ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / Методическая копилка / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

24 ноя 2019, 19:33
СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ
4 625
0

   Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің қолындағы және байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жұқтыруға болады.

     Көмек көрсету кезінде мынадай талаптар сақталады:

жараны сумен немесе қандайда бір дәрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге және маз жағуға болмайды, себебі бұл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді және іріңденуіне әкеп соғады;

жараның бетінен құмды, жерді, тасты алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі жараны ластайтын заттардың барлығын алып тастау мүмкін емес. Жараның бетін бүлдірмеу үшін абайлап теріні сыртына қарай тазалай отырып, жараның қасындағы кірді тазалау керек; жараның қасындағы тазаланған учаскені таңғыш байлау алдында йод тұнбасын жағады;


жараның бетінен ұйыған қанды, жат заттарды алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі бұл қанның қатты кетуіне әкеп соғады;

жараның сіреспемен іріңдеуін болдырмау үшін жараны оқшаулағыш лентамен орауға немесе жараға тор таңғыштарды салуға рұқсат етілмейді.


    Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету үшін орауышында басылған нұсқауға сәйкес дәрі-дәрмек қорабындағы (сөмкесіндегі) жеке қолдану пакетін ашады. Таңғышты байлау кезінде оның тікелей жара бетіне байланатын бөлігін қолмен ұстауға рұқсат етілмейді.

      Егер жеке қолдану пакеті болмаса оны таңып байлау үшін таза бет орамалды, матаны пайдалануға болады. Мақтаны тікелей жараның бетіне салуға рұқсат етілмейді. Егер жараның бетіне қандайда бір ұлпа немесе орган (ми, ішектер) түссе, таңғышты еш жағдайда сол ұлпаны немесе органды жараны ішіне салуға тырыспай үстінен байлайды.


Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек
Файл для скачивания будет доступен после входа в аккаунт или Регистрации
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях