Создать акаунт

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / ДОКУМЕНТЫ / ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

08 сен 2023, 18:09
ДОКУМЕНТЫ
7 366
0

Білім алуға құқығын қамтамасыз ету, білім алуға қажетті әлеуметтік экономикалық жағдайлар жасау, тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта,

жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алу Қазақстан Республикасыныңазаматтары үшін білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер болып

табылады [1].

Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды. Басқа көптеген

мемлекеттер сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде

инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды.


Соңғы жылдары мүгедек балаларға білім беру саласындағы «теңмүмкіндіктер» доктринасына өту үрдісін айқындайтын өзгерістер білім беру

процесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды өмірге қажетті ғылымның негіздерін оқытып қана қоймай, баланың қоршаған ортаға

бейімделуін қамтамасыз ететін әлеуметтік және тұлғалық маңызды өмірлік құзыреттерді қалыптастыратынын дәлелдейді. Алайда, қазіргі таңда

денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарайұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін

үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған.


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту медициналық

көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде

жүргізіледі [1,2].

Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия

анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация

қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі [3].

Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель қолданылады:

үйде оқыту және қашықтан оқыту.

Қазақстанның білім беру жүйесінде үйде білім алушылардың негізгі бөлігі оқытудың отбасылық ортасы мен саны шектеулі мұғалімдер және арнайы

педагогтердің келуін қарастыратын дәстүрлі түрде білім алады.

Шын мәнінде, үйде оқыту білім берудің басқа да түрлері сияқты міндеттерді шешеді. Дегенмен, мектеп жағдайында оқытатын дәстүрлі түрден

ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ
Файл для скачивания будет доступен после входа в аккаунт или Регистрации
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - ДОКУМЕНТЫ

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях