Тжб 2-сынып қазақ тілі 2 тоқсан
Тжб 2-сынып қазақ тілі 2 тоқсан
Тоқсандық жиынтық бақылау жұмысы 2-сынып
Аты-жөні________________________________________________
Тыңдалым
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бір күні оқу пәндері өздерінің пайдасы туралы айтысады. Айтысты математика пәні
бастайды.
- Мен - барлық пәндердің патшасымын. Адамдарға санауды, сандарды қосу мен
азайтуды үйретемін, - деп мақтанады.
- Ал мен әдемілікті түсінуді үйретемін. Олар мен арқылы сурет салады, – дейді өнер
пәні.
Айтысқа басқа пәндер де араласып кетеді.
1) Мәтінде не туралы айтылған?
А) пәндердің айтысы туралы
В) пәндердің достығы туралы
С) пәндердің татулығы туралы
D) пәндердің атаулары туралы
[1] 2) Оқу пәндері өзі туралы не айтты? Сөздер мен тіркестерді сәйкестендіріп сыз.
Айтылым [2]
2. Сұрақтарға жауап бер.
1) Қай пәндер өзара айтысып қалды?
2) Айтысқа тағы қандай пәндер қатысты деп ойлайсың?
3) Сен қай пәнді ұнатасың? Неліктен?
[4]
Оқылым
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Әлидің үйі орманға жақын. Бір күні Әли бөлмеде жүрген кішкентай тиінді көрді. Әли
әкесінен:
- Әке, тиін қайдан келген? - деп сұрайды.
- Орманнан келді, - дейді әкесі.
- Алақай, ол менің досым болады! Мен оған тамақ беремін.
- Жоқ, балам. Тиін - жабайы жануар. Ол жаңғақпен қоректенеді. Тиін ормансыз өмір
сүре алмайды, - деді әкесі.
- Түсіндім, - деді Әли. Ол тиінді орманға апарды.
1) Мәтін не туралы?
А) орман туралы
В) тиін туралы
С) жаңғақ туралы
D) ағаш туралы