Создать акаунт
ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / Методическая копилка / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Начальная школа / Оқу процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Оқу процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

24 ноя 2019, 18:53
Начальная школа
2 420
0
Тақырып: «Оқу процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру».
Мақсаты: «Оқушылардың жаңартылған білім бағдарламасы талаптарына сай сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
    Еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын өзіне - өзі сенімді, сыни ойлауға қабі- летті,  интеллектуалды деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. 
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, мұғалімге деген сенімін қалыптастыру, оқуға қызығушылығын оятып, жаңартылған  білім бағдарламасының сай білімге деген белсенділігін арттыру.
          Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша заман талабының қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. 
Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсе-кеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
          Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен қатар, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсіл-дерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі тұр.  
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекет-тері арқылы дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды жаңартылған  білім бағдарламасы бойынша оқыту сабақтары деп білеміз.
            «Дамыта оқыту» – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту. Яғни жаңартылған  білім бағдарламасы бойынша оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, жаңа сапалық өзгерістер пайда болады. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін жаңартылған  білім бағдарлама  жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білемін.
           Оқыту барысында баланың ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын, өзді-гінен жұмыс жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығардым.
           Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастырған дұрыс. Дамыта оқыту процесінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас пайда болады. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады.
Оқу процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін
Файл для скачивания будет доступен после
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Начальная школа

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях