Создать акаунт
ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / Методическая копилка / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Начальная школа / Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Математика 1 сынып СОР и СОЧ 1 класс математика

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Математика 1 сынып СОР и СОЧ 1 класс математика

17 мар 2019, 20:02
Начальная школа
2 971
0
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.  
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
 
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
3А- «Сандармен амалдар орындау. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше    1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер.
1.2  Сандармен амалдарды орындау
5.1 Есептер және математикалық модель

Оқу мақсаты    1.1.1.2** Бір таңбалы сандарды  салыстыру
1.1.2.3 Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану
1.5.1.3** Қосынды және қалдықты табуға берілген 
есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару


Бағалау критерийі    Білім алушы
•    10 көлеміндегі біртаңбалы сандарды салыстырады
•    Есептеуде қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады
•    Қосындыны табуға берілген есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының  деңгейі 
    Қолдану

Орындау уақыты    20 минут







Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Файл для скачивания будет доступен после входа в аккаунт или Регистрации
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Начальная школа

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях