Создать акаунт

ҚМЖ 5сынып қазақ тілі мен әдебиеті Т2

18 сен 2020, 11:21
Старшая школа
8 595
0

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Мектеп: №23 ЖОББМ  КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Ныгманова А.О.

Күні: 23.09.2020ж

Сынып: 


Сабақтың тақырыбы

«Қазақстан барысы» (мультфильм негізінде)  

Осы сабақта оқу мақсаттары

А5.Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру,шағын диалогке қатысу.

О3.Фольклордың және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну,тақырыбын анықтау.

Ж1.Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу

Сабақтың мақсаттары

-берілген сұрақты дұрыс түсінеді,лайықты жауап береді,шағын диалогке қатысады

-фольклордың және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді,тақырыбын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Барыс,қабан,жыртқыш,әдіс-айла,аяқтан шалу

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды спортқа баулу

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздермен тіркес сөздердің мағынасын түсінеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

 Психологиялық ахуал туғызу.

 Сілтеме арқылы өтіп сөзжұмбақты шешу. 


 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма. Рольдік ойын.

Мультфильмнің бір сюжетіне кейіпкерлердің  дыбыстарын келтіріп оқу.Мысалы: барыс пен атасының әңгімелесуін; тікұшақтың хабарламасын; жүргізуші-сауысқанның сөзін; төреші –бүркіттің сөзін немесе жыршы-қошқардың әнін  салуға болады.

2-тапсырма. Сілтеме арқылы өтіп,  Google Disk платформасында    тест құрып алуға болады.  

1.Бүркіт қандай жарыс өткізбекші болды?

А) қазақша күрес+

Б) дойбы

В) бәйге

2. Жарысқа қандай  аңдар қатысты?

А) барыс, қошқар, түлкі, ешкі

Б) аю, қошқар, барыс, архар..+

В) қасқыр, қоян,борсық..

3. Барыс жарысқа қалай дайындалды?

А)жақсы

Б) дайындалмады

В) көп жаттықты

4. Оған атасы қандай ақыл айтты?

А) Өзіңнен күші басым қарсыласыңды әдіс-айламен жеңуге болады+

 Б) Тек жеңіспен орал

В) Тек өз күшіңе сен

5. Жарысқа қай аңдар төреші болды?

А)Бүркіт, қабан, түлкі

Б)Қабан,таутеке, бүркіт+

В) Таутеке, түлкі, қабан

6. Жартылай сайысқа қай аңдар шықты?

А)Қоян,архар, барысқабан

Б)Қоян, борсық, аю, келес

В)Қоян,борсықбарыс,аю+

7. Шешуші сайыста қай аң жеңді?

А)Барыс+

Б)Аю

В)Қабан

8. Сайыс қай аңның атымен аталатын болды?

А) Қасқыр

Б) Барыс  +

В)Қабан

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

«Синквейн» әдісі     бойынша «Барыс» сөзіне өлең жолдарын жазу.

 Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
 Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
 


  

  Рефлексия

 «Күш атасын танымас» деген  мақал-мәтелді қалай түсінесіңдер?

Бұл мультфильмде     қазақтың  қай ұлттық  аспабы, тағамы, спорт ойынын кездестірдіңдер? Оның мәні неде деп ойлайсыңдар?






 

 

 

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетістік деңгейі

А.Білу,түсіну Сөзжұмбақты шешу.

 Сөзжұмбақта барлық 8 сөзді тауып, қатесіз жазды

Сөзжұмбақта 6-7 сөзді тауып, қатесіз жазды

Сөзжұмбақта тек 4-5 сөзді тауып, қате жазды

2

1

0

В.Қолдану Рольдік ойын.

 Тақырыпты өзге қырынан аша білді

Мәтінді түсінген, бірақ   дауыс ырғағы келмеді 

Мәтінді түсінбеген, сөздерді бұрмалап айтты

2

1

0

С.Талдау,

Жинақтау

 Тест.

 7-8 сұраққа дұрыс жауап берді

5-6  сұраққа дұрыс жауап берді

3-4 сұраққа дұрыс жауап берді

3

2

1

D.Рефлексия 

 

Синквейн.

 Оқушының  сөздік     қорының кең екендігі байқалады 

Сөздік қоры дамыған, бірақ сөздердің орын тәртібі сақталмаған.

 Оқушының сөздік қоры өте жұтаң , сөз   таптарын     шатастырады.

3

 

2

 

1

 

ҚМЖ 5сынып қазақ тілі мен әдебиеті Т2
Файл для скачивания будет доступен после входа в аккаунт или Регистрации
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Старшая школа

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях