Выберите категорию
Тип файла
Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Сортировка по
Настройки поиска


Все материалы

Соңғы кезде Назарбаев зияткерлік мектептері ұстаздарының тәжірибесінен туындаған сабақ жоспарларының үлгісі нақтыланып, бұл құрылым pedforum.kz сайты арқылы барлық мұғалімдерге таралып, басқа мектептерге үлгі ретінде ұсынылуда. Аздаған өзгешіліктермен бұл үлгіні былайша көрсетуге болады


Соңғы кезде Назарбаев зияткерлік мектептері ұстаздарының тәжірибесінен туындаған сабақ жоспарларының үлгісі нақтыланып, бұл құрылым pedforum.kz сайты арқылы барлық мұғалімдерге таралып, басқа мектептерге үлгі ретінде ұсынылуда. Аздаған өзгешіліктермен бұл үлгіні былайша көрсетуге болады.

Сабақты жоспарлау алдында алдымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2019-2020 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатының мына бір тұсына тоқталған жөн болар:
«Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:   
сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет; 
орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру ұсынылады; 
мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. 

Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді.
Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. 
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі қажет:
–  тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.; 
– саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?
– метапәндік байланыстар;
денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.
 Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс» ( Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018.).
Байқап отырғанымыздай, мұнда тілдік мақсаттар, сабақ мақсаттарын саралау, пәнаралық байланыстар, денсаулық пен қауіпсіздік, құндылықтар, АКТ құзіреттілігін дамыту сабақ жоспарының міндетті компоненті ретінде ұсынылады. Бұл мынаны білдіреді: «оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады» (Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016, 6 б.).
Енді қысқа мерзімді жоспардың үлгісінің әр бабына жеке-жеке тоқталып, оның әрқайсына сипаттама беріп, өз түсінігімді келтіріп кетейін.
Скачать Қысқа мерзімді жоспар
Для того, что бы получить доступ к файлу, вам необходимо выполнить

Авторизация на портале с помощью социальных сетей

Вконтакте Google @ Mail.ru Яндекс


Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
7 посетителей на сайте. Из них:
Гости2
Роботы5