Создать акаунт

10СЫНЫП 1-2 ТОҚСАН ҚМЖ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ

20 дек 2019, 11:26
Старшая школа
2 332
0
Мақсаты: Оқушыларға адам адам деген ардақты атқа лайық болу керектігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
  1. Білімділік: Оқушыларды әділеттілікке үйрету
  2. Дамытушылық: Оқушылардағы арлылық қасиеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Т – ережесі:
  3. Тәртіп.
  4. Талап. 
  5. Тыныштық.
  6. Тазалық.
  7. Татулық.
             Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Жағымды күйге келу. 
«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру.
Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіз. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық немесе күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз. Олар бірде жақындайды, бірде алыстайды. Жұлдыздарға анықтап қарап өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге қуаныш бақыт, сәттілік серпіліс сәттерін есіңізге түсіретін болар. Тағы да сол жұлдызыңызды тамашалап енді бар күшіңізді салып сол жұлдызға қолыңызды созыңыз және міндетті түрде сол жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан мұқият түсіріп алып, ептеп алдыңызға қойыңыз, қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз. Енді қағаз қаламдарыңызды алып сол жұлдыздың суретін салыңыз. Сіздің әрқайсыңыздың әдемі жұлдызыңыз сізге мейірімділік, достық өзара көмек қолдау сәулесін шашып турады. Енді жұлдыздарыңызды арман картасын жасап соған орналастырасыздар. Арман картасына ҰБТ-дан қанша балл жинайсыз, алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз, соны жазасыз. Арман карталарыңыз өте әдемі болуы керек
10СЫНЫП 1-2 ТОҚСАН ҚМЖ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ
Файл для скачивания будет доступен после
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Старшая школа

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях