ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Педагогический сайт

Сынама өткізген сабақтар бойынша кемшіліктер мен кедергілердің орны толықтырылған.

Министр  брефингте нақты жұмыстар туралы айтты. Сынама өткізген сабақтар бойынша кемшіліктер мен кедергілердің орны толықтырылған.
1. Онлайн сабақ пен қашықтан оқу екі басқа дүние. Онлайн оқудан гөрі қашықтан оқу тиімді. Мектеп әкімшілігі Күнделік, Дарын, Білімленд платформаларының біреуін таңдау керек. Ең бастысы  сабаққа керек материалды жүктеу арқылы оқушының, ата ананың кері байланысын алу. Осының ішінде Күнделік платформасы өте оңтайлы екенін айтты.
2. Мамыр айының басында қашықтан оқу арқылы бөлім бойынша 1 бжб алынады және тжб жұмысы алынады .Тапсырмалар қиын болмауы керек.
3. Мектеп әкімшілігі мұғалімнен есептер сұрау қатаң тоқтатылады.
4. Сабақ расписание бойынша тек онлайн оқуда болады. Ал қашықтан оқу кезінде тапсырманы оқушы өзіне ыңғайлы кезде орындайды. Ең бастысы оны жүктеу, кері байланыс алу.
5. Қашықтан оқу кезінде ешқандай тексеру болмайды. Тыйым салынады.
6. Ұбт, емтихандар әзірше өз уақытында өтеді. Өзгертулер болса хабарланады.
7. Мұғалімдер мессендерлер арқылы жұмыс жасауына болады. Ол ватцап, телеграмм т.б.
8. Оқушыға мектеп формасын киіңдер, мұғалімдерге  сабақтар түсіріп жүктеңдер деп міндеттеуге тыйым салынады. Сабақтарға керек материалдар білім беру платформаларында дайын тұр.
9. Онлайн оқымаймыз. Қашықтан оқимыз. Соны ескеріңіздер

Перейти на сайт