ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Педагогический сайт

Педагогтердің жалақысы 330 мың теңгеден асады

Педагогтердің жалақысы 2023 жылға қарай екі есе, 330 мың теңгеден асатын болады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 процент өседі”, – деді еліміздің Үкімет басшысы Асқар
Ұзақбайұлы ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі “Nur Otan” партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Жол картасының жобасын таныстыруы барысында, – деп хабарлайды осы төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Асқар Маминнің айтуынша 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен жүз пайыз толық қамтылады. Бұдан бөлек, 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады. Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады.
Биыл екі жүз жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2025 жылы ауыл мектептері интернетке қосылады, сондай-ақ компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажет басқа жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Перейти на сайт