ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Педагогический сайт

ҰБТ өтеді, соңғы қоңырау соғылады - Тоғжанов білім беру мекемелерінің жұмысы туралы

Оқу жылының соңына дейін 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте мәлімдеді

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, биыл мектептерде соңғы қоңырау 3-4 маусым күні соғылады.

"Жыл соңына дейін (оқу жылы - авт.) 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Аттестаттарды беру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күні мектеп жанындағы ашық алаңдарда өтеді. Тек адам саны аз болуы керек және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы керек. ҰБТ штаттық режимде 20 маусымнан бастап, санитарлық нормаларды сақтай отырып, 168 пункт бойынша өтеді", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте.
Перейти на сайт