Мұғалімдер өз міндеттерін лайықты атқаруда
М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің ұстаздары да ақпараттық технологияны барынша меңгеруге күш салып, өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдерге әдістемелік көмек, бағыт-бағдар беріліп, Zoom бағдарламасы арқылы үнемі конференциялар ұйымдастырылып тұрады.
Білім және ғылым министрлігі ұсынған қашықтықтан оқытуды жүргізетін Kundelik, Bilimland.kz сынды бірнеше интернет-платформ бар. Қай платформамен жұмыс істеу ыңғайлы – мұғалім мен оқушының еркінде.
Сондай-ақ Google Classroom, Discord қосымшалары компьютермен де, ұялы телефонмен де кіруге ыңғайлы.
Zoom бағдарламасы арқылы ауызша сұрақ-жауап жүргізу өте қолайлы.
Мен өз сабақтарымды Bilimland платформасымен жүргіземін. Мысалы: 8-сынып оқушылары «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті» бөлімі бойынша «Қазіргі және бұрынғы айтыс», «Қыз бен жігіт» айтысы тақырыптарында жаңа сөздер үйреніп, ақындар айтысы туралы бейнеоролик көрді. Айтыстың жеті түрі туралы ақпараттарды дәптерілеріне жазып, мұғалімге Whatsapp желісімен жіберіп, кері байланыс алды.
Сонымен бірге қашықтықтан оқытудың кемшін тұстары да бар. Мысалы, интернет желісінің дұрыс жұмыс істемеуінен оқушы мен мұғалімнің байланысты үзіп алуы, бала денсаулығына кері әсері, әсіресе көзге көп салмақ түсуі. Десек те «Көш жүре түзеледі» деген дана бабаларымыз.
Жалпы, қиын кезеңге қарамастан, мұғалімдер жаңа жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруда. Мен бірлескен күш-жігеріміз бен шыдамдылығымыздың арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға сенемін.
Гүлнұр ҚАЙЫПОВА,
М.Мәметова атындағы
№28 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі,
Алматы қаласы