"Қаныққан көмірсутектер (алкандар)"
1. Құрамында 80% көміртек, 20% сутек бар органикалық заттың сутек бойынша тығыздығы 15. Осы заттың формуласы.
Берілгені:ω(С) = 80 %
ω(Н) = 20 %
D(Н2) = 15
Табу керек:
Формула - ?
Шешуі:
М(C) = 12 г/моль
m(C) = ν · М(C) = 1 моль · 12 г/моль = 12 г
М(Н) = 1 г/моль
m(Н) = ν · М(Н) = 1 моль · 1 г/моль = 1 г
Mr(CxHу) = Mr(H2) ∙ D(H₂) = 2 · 15 = 30
M(C2H6) = 12∙ 2 + 1∙6 = 30 г/моль
Жауабы: Формула -C2H6
2. Ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2-ге тең құрамындағы көміртектің массалық үлесі 82,8%, сутектікі -17,2% болатын көмірсутектің молекулалық формуласы
Берілгені:
ω(С) = 82,8 %
ω(Н) = 17,2%
D(ауа) = 2Табу керек:
Формула - ?Шешуі:
М(C) = 12 г/моль
m(C) = ν · М(C) = 1 моль · 12 г/моль = 12 г
М(Н) = 1 г/моль
m(Н) = ν · М(Н) = 1 моль · 1 г/моль = 1 г
Mr(CxHу) = Mr(ауа) ∙ D(ауа) = 2 · 29 = 58г/моль
M(C4H10) = 12∙ 4 + 1∙10 = 58 г/моль
Жауабы: Формула - C4H10
3. 5 литр метан мен 11 литр оттек қоспасы қопарылғанда түзілетін көміртек диоксидінің көлемі (қ.ж.)
Берілгені:
V(CН4) = 5 л
V(О2) = 11 л
Табу керек:
V(СО2) - ?Шешуі:
CН4+ 2О2 → СО2 + 2Н2О
Vm = 22,4 л/мольV(CН4) = ν · Vm = 1 моль · 22,4 л/моль= 22,4 л
V(О2) = ν · Vm = 2 моль · 22,4 л/моль= 44,8 л
ν(CН4)< ν(СО2)
V(СО2) = ν · Vm = 1 моль · 22,4 л/моль= 22,4 л
х л СО2---- 5 л CН4
22,4 л СО2 ---- 22,4 л CН4
Жауабы: V(СО2) = 5 л
4. Массасы 90 г этанның С2Н6 құрамындағы көміртектің массасын есептеңдер.Берілгені:
m(С2Н6) = 90 г
Табу керек:
m(С) - ?
Шешуі:
М(С2Н6) = 30 г/моль
90 г С2Н6 ------ х г С
30 г С2Н6 ----- 24 г С
Жауабы: m(С) = 72 г