ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Педагогический сайт

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ әдебиеті 5-сынып

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы, «Қобыланды батыр» жыры.

Оқу мақсаты
А/И2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Б/С2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийі

Білім алушы
 Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды.
 Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды.

Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың негізгі ойын, көзқарасын анықтаңыз.

Перейти на сайт