ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Педагогический сайт

Казахский язык примерные билеты 9 класс

1-билет
1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
    Бірде қария немересіне: «Балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су  тіршіліктің нәрін береді; от  өмірге жалын береді; тұз  астың дәмін келтіреді; қыз өмірдің сәнін келтіреді; ақыл  өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады», -  деген екен
2. «Отбасындағы асыл адамдар» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жаса. Көзінің ағы мен қарасындай


2-билет
1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
Отбасы бақытының негізгі кілті – сыйластықта. Сыйластық болған отбасында береке де, бірлік те болады. Сыйластық тек отбасында ғана емес, адамдар арасында да, достар арасында да өте маңызды. Барлық адамдардың ойын, пікірін, іс-әрекетін түсінуге тырысу керек. Басқа адамдарды түсінуге тырысу – сыйластық кілті.
2. Ө.Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген - жылы сөз» өлеңін жатқа айт.
3. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жаса. Халқымыз


Перейти на сайт