«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған БЖБ мен ТЖБ
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған
«Су- тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша №1 жиынтық бағалау
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басында жатқан үлкен таста:
– «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!», - деген жазу бар екен.
Жолаушылар бұлақтан су ішеді. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы:
– Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзен болады. Бұл жазуды сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма, сонда мұратыңа жетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
– Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, бұл «біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, – дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрады. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрайды.
– Меніңше, адамдар бұл бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені деп түсінемін,- деп жауап беріпті.