Сабақтың тақырыбы ҚМЖ 4 сынып
Мұғалім оқушыларға кіріспе әңгіме арқылы сабақ тақырыбын ұғындырады. Жазғы демалыс кезінде Қазақстанның қандай аймақтарында немесе қалаларында болғандығы туралы қызықты әңгіме өрбітеді. Әңгімелеу барысында барған жерінің 2-3 суретін көрсетеді, қалалардың атын карточкаларға жазып, тақтадағы картаға орнатады. Сонымен қатар мұғалім өзі әңгімелеу барысында оқушылардың оңай түсінуі үшін және алдағы тапсырманы орындауда басшылыққа алуы үшін үлгі болатындай сөйлемдер құрылымын (шаблонын) қолданады.