ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН
ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚҚЫЗЫ
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейінің мұғалімі
Қызылорда қаласы
Аннотация
Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер мен ойсергектер, ойындар жинақталған.Оқу үдерісіне шығармашылықпен қолдануға ұсынылатын бұл көмекші құралдағы материалдар алғаш рет алфавиттік жүйемен беріліп отыр.
Әдістемелік оқу құралы мұғалімдер, тренерлер және тәрбиешілерге ұсынылады.
«А Ә Б В»
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;.
2-қадам керісінше.
3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.
«А,В,С»
А - сұрақ қояды.В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады.
А — сұрақ қоюшы,
В – жауап беруші,
С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.
«Айдаһар»
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек