Создать акаунт
ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / Методическая копилка / СПЕЦИАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары.

Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары.

27 фев 2019, 16:37
СПЕЦИАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
3 238
0
Түзете-дамыта оқыту сыныбында  ойын элементтері   арқылы   оқушылардың танымдық  белсенділіктерін   арттыру     жолдары.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,

                            оның шығармашылық қабілетін дамытады.

                             Ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін

                                         емес».                   В.А. Сухомлинский

Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.

Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы  психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр.К.С. Лебединская, В.И. Лубовской , т.б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төменболады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi- сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы;қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы;өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

. Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде.Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi.Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.

Түзете-дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік, , педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете-дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың  жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

Шаршап кетпеуін қадағалау.

      Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру

Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;

      Ойын дағдыларын оқу әркетіне аудару.

      Арнайы әдістемелермен оқытуды ұймдастыру.

      Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту-тәрбиелеу үдерісіндегі      міндеттер:

1.     дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабылеттерін шешу және дамыту жолдары:дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;

2.     Балалардың ой-өрісін дамыту;

3.     Оқу қажеттілігін қалыптастыру;

4.     Баланың әлеуметтік-адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру;

5.     Баланы жан-жақты бақылау;

6.     Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру 

7.     Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;

8.Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту -түзету  процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып,төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:

-Жалпы білім беру циклы сабақтарында, сондай-ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;


-Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;

-Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;

-Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;

-Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері
Файл для скачивания будет доступен после входа в аккаунт или Регистрации
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - СПЕЦИАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях