ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Педагогический сайт

Мектеп психологының жұмыс кітабы

Мектеп психологы деген кім ?
Мектептегі психологиялық қызметтің мəселелері, бағыттары мен
ұстанымдары қандай?
Болашақ маман – 2,3-курстың студенттерімен бірге төмендегіше пікірлерге тоқталдық:
МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ – бұл:
● «үйретуші, оқытушы» емес, баланың өз-өзін танып-білуге
көмектесуші Адам;
● бала жанын ұғатын, жанашыр, үлгі-өнеге болар Тұлға;
● баланың қабілетін ашып, дамытуға мұрындық болатын Адам;
● баланың болашағына сеніп, мүмкіндігін арттыру жолын білетін Адам;
● мақсатқа жету құпиясын ашуға көмектесетін Адам;
● баланы өз-өзіне сенімін күшейтіп, алға ұмтылдыратын Адам;
● өзінің білетінімен бөлісетін əріптес;
● сезімтал, төзімді, байыпты, тыңдай білетін психолог;
● үнемі өз білімін толықтыру үстіндегі маман;
● «біз» жəне «мен жəне мен» жағдаятын тудырып, жағымды ахуал
орнататын іскер Адам;.
● мұғалімдердің мұғалімі;
● балаларға, олардың ата-аналарына дос, жолдас. Ақыл айтып емес,
мəселені бірлесіп шешуге көмектесетін қызықты адам.
● бұл емші-дəрігер секілді, бірақ денені емес, бала жанын емдеуші адам;
● баланың тығырықтан өздігінен жол тауып шығуына мүмкіндіктің
барын сездіретін адам.
● барлық баланы сол сəтте қандай, солай қабылдай отырып,
жаман-жақсы деп баға қоймай, оны түзетем демей, бар көмегін
беретін адам;
Бұл пікірлердің қаншалықты дұрыс екендігін біз арнаулы əдебиеттерді
оқып, зерделеп білетін боламыз.
«ХХІ ғасыр бала психологиясының ғасыры болады» деп, Э Кей бекер
айтпаған болса керек!
Іске сəт, жас маман!


Перейти на сайт