ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Педагогический сайт

ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС

Жас мұғалімдермен жұмыс жоспары Түйінді мәселе: Қиындықты жоюдың жолдарын анықтау-кәсіби шеберлік жұмысының алға басуы.
Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау.
Міндеттері:
1.Әрбір жас маманның педагогикалық шеберліктерін дамыта отырып,технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру.
2.Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
3.Жас мамандардың қазіргі қоғамдағы ролін арттыру, олардың құзырлығын дамыту.
4.Жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру, оларды қолдану және ынталандыру.
5.Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарын, мемлекеттік білім стандартын, әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру жұмыстарын жүргізу.
6.Оқу сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру.
7. Әдістемелік апталықтар, күндер ұйымдастырып, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру.
 8.Жас мамандарға жеке бас ерекшелігін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми –әдістемелік көмектер көрсету.
Перейти на сайт