ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Педагогический сайт

Педагог лауазымдық міндеттер

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалардың лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5750 болып енгiзiлдi.
       "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабының 34) тармақшасын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
       1. Қоса берiлiп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалардың лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары бекiтiлсiн.
       2. Орта бiлiм департаментi (М.Т. Санатова) белгiленген тәртiппен:
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
       2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
       3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсiптiк (Қ.Қ. Бөрiбеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм (С.М. Өмiрбаев) департаменттерi осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткiзсiн.
Перейти на сайт