Создать акаунт

Тәрбие жұмысының жоспары

24 ноя 2019, 18:52
Классному руководителю
2 832
0
2017-2018  оқу жылындағы тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері


ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ - үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.


ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам
құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің  нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері  мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал  етуде білім беру  ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен
білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту   бейімділігін қалыптастыру;
қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті  маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
коғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.





Тәрбие жұмысының жоспары
Файл для скачивания будет доступен после
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Классному руководителю

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях