Выберите категорию
Тип файла
Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Сортировка по
Настройки поиска


ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Начальная школа / жиынтық бағалауды жоспарлау 3-сынып білім алушыларына «қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін)
жиынтық бағалауды жоспарлау 3-сынып білім алушыларына «қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)

3-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР4
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау4
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР17
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау17
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР30
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау30
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау33
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы36
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР42
"Су - тіршілік көзі" ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау42
"Демалу мәдениеті. Мерекелер" ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау45
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы48

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты


Тыңдалым Айтылым
3.1.3.1* Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
3.2.2.1Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)


Бағалау критерийіБілім алушы
•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
•Тақырыпқа қатысты сөздерді анықтайды және қолданады
•Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Скачать жиынтық бағалауды жоспарлау 3-сынып білім
Для того, что бы получить доступ к файлу, вам необходимо выполнить

Авторизация на портале с помощью социальных сетей

Вконтакте Google @ Mail.ru Яндекс


Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
20 посетителей на сайте. Из них:
Пользователи1
Гости13
Роботы6
Список пользователей
550DnaiL Сейчас на сайте
Happy Darina Сейчас на сайте