Создать акаунт
ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / Методическая копилка / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Начальная школа / Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 1-сынып

Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 1-сынып

09 дек 2018, 16:02
Начальная школа
4 989
0
Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 1-сынып
Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағыҚазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 1-сынып Құрметті мұғалім!Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған. МАЗМҰНЫ1-тоқсан4Бөлім: «Тыңдалым»4Бөлім: «Айтылым»7Бөлім: «Жазылым»10Бөлім: «Тілдік дағдылар»112-тоқсан15Бөлім: «Тыңдалым»15Бөлім: «Айтылым»19Бөлім: «Оқылым»233-тоқсан29Бөлім: «Тыңдалым»29Бөлім: «Айтылым»33Бөлім: «Оқылым»38Бөлім: «Жазылым»42Бөлім: «Тілдік дағдылар»454-тоқсан48Бөлім: «Тыңдалым»48Бөлім: «Айтылым»50Бөлім: «Оқылым»53Бөлім: «Жазылым»56Бөлім: «Тілдік дағдылар»60 1-тоқсанБөлім: «Тыңдалым»Бөлімше 1.1. «Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну»Оқу мақсаты1.1.1.1 Хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану)Бағалау критерийіБілім алушы•Сөздің мағынасына қарай қимыл, ым-ишара жасайдыОйлау дағдыларының деңгейіБілу және түсінуҚолдануТапсырмаАудиожазбаны мұқият тыңда. Көңіл күйді білдіретін сөздерге сәйкес суретті көрсет. Сөйлемнің мағынасын ым-ишарамен көрсет.Қуанышты/ Мен қуаныштымын.Көңілді/ Мен көңілдімін.Көңілсіз/ Мен көңілсізбін.Ашулы/ Мен ашулымын.Ренжулі/ Мен ренжулімін.ДескрипторБілім алушы- сөздің мағынасына сәйкес суретті анықтайды;- сөйлемнің мағынасын ым-ишара арқылы көрсетеді. Бөлімше 1.3. «Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну»Оқу мақсаты1.1.3.1 Тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдауБағалау критерийіБілім алушы•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді•Мәтіннің мазмұнына сәйкес иллюстрация/ сурет/ сызбаны анықтайдыОйлау дағдыларының деңгейіҚолдану1-тапсырмаМәтінді тыңда.Сұрақтарға жауап бер.1. Мараттың қандай оқу құралдары бар?2. Қаламының түсі қандай?3. Суреттен Мараттың оқу құралдарын тауып, белгіле ().ДескрипторБілім алушы- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;- мәтінге сәйкес суреттерді анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы
Файл для скачивания будет доступен после входа в аккаунт или Регистрации
Поделись со своим друзьями:
Комментарии
Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА - Начальная школа

Педагогический портал для учителей

  • Только актуальные новости и документы образования РК
  • Обсуждай с друзьями
  • Делись в социальных сетях