Выберите категорию
Тип файла
Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Сортировка по
Настройки поиска


ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / НОВОСТИ / Бас педагог Шымкент қаласындағы жаңа мектепте
Все материалы
Үшінші мегаполиске іс-сапармен келген ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1200 орынды жаңа жекеменшік мектепте болды. Білім ұясының ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. Еліміздің бас ұстазына білім ордасын Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева таныстырды.
Жаңа оқу жылына дайын мектепке Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның есімі берілген. 
Екі ауысымда 2400 оқушы білім алатын мектепте балалар үшін барлық жағдай жасалған. 75 сынып компьютер тағы да басқа қажетті құралдармен жабдықталған. Білім мекемесінде оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндіктері бар.
Бүгінгі таңда мектепке тіркелушілер саны мыңнан асып отыр. Жаңа оқу жылында екі мыңға жуық оқушы қабылданбақ. Мектептің құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсалған. Білім және ғылым министрлігінің жаңа жүйесі бойынша осындай жекеменшік салынған мектептерге мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Бүгінде бұл жүйеге осы қаладағы бірқатар мектептер көшкен. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында қаладағы 11 жекеменшік мектептің 4200 оқушысы мемлекеттік сатып алу аясында қаржыландырылған.

Асхат Қанатұлы білім мекемесінің ұжымына сәттілік тілеп, оң бағасын берді. Және жан басына қаржыландыратын жекеменшік мектептердің көптеп салынып, үш ауысымды оқу мәселесін шешуді тапсырды. Бас педагог оңтүстік өлкеге сапары барысындағы жүздесулерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Үшінші бастамасын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен бірге Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Фахриддин Қаратаев және «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ыбрайымов жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, жеке меншік құрылымдардың басшыларымен, білім беру ұйымының құрылтайшыларымен бірге жаңа жатақхана орындары, мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында салынған білім беру орындарын аралап көрді.

Салалық министрлік ұсынған ресми мәліметтерге сүйенсек бүгінгі таңда шым шаһар бойынша сеніз жоғары оқу орнында және бес колледжде білім алатын 8 400 студент жатақхана орындарына мұқтаж. 2022 жылдың соңына дейін 8 070 орынға арналған 15 жатақхананы енгізу жоспарда. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жаңа жатақхана салынатын жағдайда жыл сайын әр орын-жай үшін 122 айлық есептік көрсеткіш, ғимаратты жатақхана етіп қайта құрылымдау жасалатын жағдайда 47 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржы төленетін болады. Төлемдердің жүргізілу мерзімі сегіз жыл.

Мәртебілі меймандармен кездесулер барысында осы қаладағы мектептердің білім беру үдерісіндегі сапа көрсеткіштерінің жоғарылауы және материалдық-техникалық базасының жақсаруы түрінде көрініс тапқан жобаның жағымды жақтары түсіндірілді. Сонымен қатар жеке меншік және жаңадан салынған мектептерінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу мәселелері талқыланды. Қалалық орта білім беру ұйымдарында қаржыландырудың жаңа моделін енгізу жөніндегі мәселелер қарастырылды. Абай Құнанбаев атындағы жеке меншік жаңа мектеп жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тетігі шеңберінде салынған. Бұл білім ордасының инвесторы мектептің жобалық қуаттылығы шегінде сегіз жыл бойы әр оқушы орны үшін 96 айлық есептік көрсеткіш сомасында мектептің құрылысымен байланысты шығындардың өтемін қайтара алады. Былтырғы жылдың кыркүйегінен бастап үшінші мегаполсте осымен сегізінші жеке меншік мектеп ашылды. Айта кету керек, жаңа оқушы орындарын пайдалануға енгізу арқылы жеке меншік мектептер желісін дамыту жалғастырылуда. Бұл өз кезегінде, орта білім беру саласындағы оқушы орындарының жетіспеушілігімен байланысты негізгі мәселені шешеді.
Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ, 
Нұр-Сұлтан
  • 717
  • 0
  • 24-11-2019
0
Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
12 посетителей на сайте. Из них:
Гости7
Роботы5