Выберите категорию
Тип файла
Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Сортировка по
Настройки поиска


ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / НОВОСТИ / Түркістан облысында 300-ден астам мектеп директоры кең кабинетін оқушыларға босатып берді
Все материалы
Түркістан облысында 300-ден астам мектеп директоры кең кабинетін оқушыларға босатып берді, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Түркістан облысында 300-ден астам мектеп директоры кең кабинетін оқушыларға босатып берді, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Түркістан облысында 606 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оның 445-і жергілікті атқарушы және 161-і орталық органдардың аумақтық департаменттері. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалының директоры Жанат Момынқұлов І жартыжылдық есебі туралы баяндама жасады. Соңғы алты айда департамент тарапынан 32 тексеру жүргізіліп, 1 558 құқық бұзу фактісі анықталды. Заңсыздықтарды жою мақсатында 98 ұсыныс енгізіліп, 20 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды. Ал 9 лауазымды тұлғаға әкімшілік тарапынан іс қозғалған. Нәтижесінде 231 300 теңге айыппұл өндірілді.

– Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен 27 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылып, оның ішінде мемлекеттік қызметшіге сай емес мінез-құлық көрсетіп, дөрекілік танытқан 2 лауазымды тұлға және сыбайлас жемқорлық фактілерін біле тұра құзырлы мекемелерге хабарламаған бір басшы қызметінен босатылды. Мансаптық жоғарылату ішкі конкурстар нәтижесінде 242 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалған. Сөйтіп мансаптық өсу көрсеткіші 67,2 пайыз құраған, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев.
  • 451
  • 0
  • 24-11-2019
0
Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
15 посетителей на сайте. Из них:
Гости8
Роботы7
Список пользователей
Vegnerolga Был(a) в сети 6 минут назад