Выберите категорию
Тип файла
Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Сортировка по
Настройки поиска


ПЕДФОРУМ КАЗАХСТАНА / АДМИНСТРАТИВНЫЙ РАЗДЕЛ / Метод объединениям / Бастауыш пәні бірлестігінде 2021 – 2022 оқу жылында жүргізілетін іс-шаралар жоспары
Бастауыш пәні бірлестігінде
2021 – 2022 оқу жылында жүргізілетін
іс-шаралар жоспары
Бастауыш пән бірлестігінің шығармашылық тақырыбы:

«Жаңартылған білім бағдарламасы аясында белсенді орта қалыптастыра отырып, білім алушылардың білім сапасын арттыру мен жан-жақты көзқарасы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу»

Бастауыш пәнбірлестігінің мақсаты:

Білім алушылардың білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың оқуға қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастыру.
Бірлестік мұғалімдеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіп, олардың ұстаздық іс-тәжірибесін терең меңгеруін қамтамасыз ету.
Мұғалімдердің үнемі өзіндік саяси, теориялық және әдістемелік білімін көтеріп отыруына дұрыс бағыт-бағдар беру.
Озат іс-тәжірибелерді жете қадағалап, олардың тиімділерін мектеп өміріне енгізу жұмыстарын мүмкін ету.
ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мектепте оқып- үйренуді қамтамасыз ету.

Бастауыш пән бірлестігінің негізгі міндеттері:

Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру.
Оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны жаңарту.
Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігінің әдістемесін жетілдіру.
Озат тәжірибені жалпылау мен тарату жолдарын қарастыру .
Оқытудың әдіс - формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.
Барлық типтегі сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету.
Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру.
ӘБ мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау, жинақтау, тарату.
Оқу-тәрбие жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру.
Бастауыш саты мұғалімдерінің дамыта оқыту, модульдік оқыту технологиясы бойынша біліктілігін дамыту.
Бастауыш саты оқушыларының бойында рухани-адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін эстетикалық талғамын ояту арқылы дамыту.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын білуге, өз Отанымыз – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге.

Пән бірлестігінің ережесі:
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
І. Жалпы ережелер:
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді;
Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде
5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады;
Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.
ІІ. Әдістемелік бірлестіктің міндеттері мен қызмет бағыттары:
Әдістемелік бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:
пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;
сабақ беру әдістемесін жетілдіру;
мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;
педагогикалық эксперименттерді жүргізу.

І. Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:

оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық
эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім процесіне енгізу;
оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б;
оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстары;
пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;
оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар;
озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу;
пән және әдістемелік апталықтарды өткізу;
өзара сабаққа ену;
оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау.

ІІ. Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:

пәндер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;
оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу;
оқу бағдарламаларындағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;
оқу әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;
пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;
пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау;
оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;
оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;
оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;
пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.

ІІІ. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы:

Әдістемелік бірлестікті бірлестік мүшелерінің келісімімен тәжірибелі ұстаздар тарапынан таңдалған жетекші басқарады. Бірлестік жетекшісін мектеп директоры тағайындайды.
Әдістемелік бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде іске асырылады. Жоспар әдістемелік бірлестіктің жетекшісі тарапынан құрылады, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі.
Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы төраға дер кезінде директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына хабарлау керек. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама жүзінде жазылады. Ұсыныстар әдістемелік бірлестік жетекшісінің қолымен бекітіледі.

ІV. Әдістемелік бірлестіктің құжаттары:

ӘБ төрағасын тағайындау туралы бұйрық.
Әдістемелік бірлестік туралы ереже .
Өткен оқу жылының жұмысын талдау.
Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты, негізгі бағыттары және жаңа
оқу жылының міндеттері.
ӘБ жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
ӘБ мұғалімдері туралы мәліметтер.
ӘБ мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптары туралы мәліметтер.
ӘБ мұғалімдерінің біліктілін көтеру кестесі.
ӘБ мұғалімдерін аттестациялаудың перспективті жоспары.
Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кестесі.
Оқу бағдараламалары .
Пән апталықтарының жоспары.
Жас маманмен жұмыс жоспары.
Пән бойынша алынған бақылау жұмыстарының қорытындылары.
ӘБ отырыстарының хаттамалары.

V. Әдістемелік бірлестіктің құқықтары:

Әдістемелік бірлестіктің құқығы бар:
мұғалімдердің біліктілік разрядтарын көтеру туралы ұсыныс дайындауға;
мектепте оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныс беруге;
ӘБ-те жиналған озат педагогикалық тәжірибе материалдарын жариялау туралы мәселені қоюға;
оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша директор орынбасарларынан кеңес сұрауға;
мұғалімдердің аттестациясын ұйымдастыру және мазмұны бойынша ұсыныстар беруге;
ӘБ тарапынан «Жыл мұғалімі» сайысына мұғалімдерді ұсынуға.

VІ. Әдістемелік бірлестік қызметін бақылау

Әдістемелік бірлестіктің қызметі мектеп директоры және оның орынбасарлары тарапынан бақыланады. Бақылау мектептің әдістемелік жұмысы және мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес жүргізіледі.







VII. Әдістемелік жұмысының негізгі міндеттері:

Ұстаздардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Сабақтар өтілуінің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету.
Жас мамандарды кәсіби шыңдау.
Жаңа ақпараттық технологияларды ендіру негізінде оқу сабақтардың өтілу сапасын жоғарылату.
Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін, жаңа технолгияларды іздеу бойынша педагогикалық эксперименттерін жалғастыру.
Шығармашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарқату. Білім беру процесінің жаңа әдістемелік жасақтауын талдау және апробациялау, озат педагогикалық тәжірибені, оқытудың жаңа формаларын, әдістерін ендіру.
Барлық құжаттарды жүргізу сапасын жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастыру және өткізу.
Оқу, ғылыми-әдістемелік және дидактикалық материалды жасау.

Скачать Бастауыш пәні бірлестігінде 2021 – 2022 оқу
Для того, что бы получить доступ к файлу, вам необходимо выполнить

Авторизация на портале с помощью социальных сетей

Вконтакте Google @ Mail.ru Яндекс


Вас заинтересуют так же следующие:

Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
32 посетителя на сайте. Из них:
Гости27
Роботы5
Список пользователей
ast22 Сейчас на сайте
vita1979 Был(a) в сети 7 минут назад
Гульнур Бактыбекова Был(a) в сети 14 минут назад